Halyq Uni логотип
×

Павлодарда кардиохирургтар ер адамды сал ауруынан аман алып қалды

Оң жақтағы, ортаңғы ми артериясының тромбозы белгілері анықталған

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2023 | 16:16
Павлодарда кардиохирургтар ер адамды сал ауруынан аман алып қалды
фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласындағы кардиоорталығының дәрәгерлері 58 жастағы ер адамды сал ауруынан аман алып қалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Ер адамның айтуынша, таңертең шамамен сағат 04.00 шамасында ол сол қолы мен аяғының қимылдай алмай қалғанын сезген. Сосын зайыбын оятып, дереу жедел жәрдем шақырған. 

Жедел жәрдем бригадасы сағат 06:30-да шұғыл түрде науқасты Павлодар кардиоорталығының инсульт бөлімшесіне жеткізген. Қабылдау кезінде ер адамның сол қолы мен сол аяғының терең сал ауруына шалдыққаны анықталған. 

Одан кейін Кардиологиялық орталықта науқасқа компьютерлік томография мен кеуде қуысының рентгенографиясы жасалған. Компьютерлік томография нәтижесінде оның оң жақтағы, ортаңғы ми артериясының тромбозы белгілері анықталған.

Нейрохирургпен кеңескеннен кейін шұғыл хирургиялық емдеу жүргізу туралы шешім қабылданған. Сағат 07.30-да науқасқа церебральды ангиография, тромбоэкстракция жүргізілді. Қан тамырларын бітеп, мидың қан айналымына кедергі келтірген ұйыған қан алынып тасталды. Операция кезінде науқастың сол қолы мен аяғы қалпына келе бастаған, – делінген кардиоорталықтың хабарламасында.

Қазір науқас бөлімшеде. Өзін жақсы сезінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама