×

Елімізде 145 адам қызылшамен ауырып жатыр

Профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты

 Еркеғали Болатұлы 28.03.2023 | 14:20
фото: podacha-blud.com

Елімізде 145 адамнан қызылша ауруы табылып, оның 75-і зертханада дәлелденген. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Дәлелденген 75 жағдайдың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Көбі екпе алмаған. Дерт вакцинадан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімі бар және екпе алу жасына жетпеген 6 жасқа дейінгі балалар арасында дендеп барады.

Сонымен қатар, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендерден де ауру табылған. Ал профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама