Halyq Uni логотип
×

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

«Синтетика» шығаратын үш зертхана жойылды

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2023 | 14:52
Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері Алматы қаласында 60 келі есірткі тәркіленді. Оның 7 келісі – синтетикалық есірткі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Оның айтуынша, қаңтар айынан бері Алматыда 205 есірткі қылмысы анықталған. «Синтетика» шығаратын үш есірткі зертханасы жойылды. Екі есірткі қоймасы мен құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсірудің фактісі анықталды.

Жалпы, жыл басынан бері Алматы полицейлері 60 келі есірткі тәркілеген. Сондай-ақ Салтанат Әзірбек биыл есірткі тарататын және жарнамаланатын 73 интернет-ресурстың анықталғанын, интернет сайттарды бұғаттау үшін іс «Кибернадзорға» жіберілгенін айтты.

Полиция өкілі бір адамның есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалағаны үшін ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-1-бөлігімен  жауапқа тартылғанын атап өтті.

Алматыда жыл басынан бері 300-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргізілген. Нарколог-дәрігерлермен бірлесе отырып, ақпараттық жұмыс жүргізуге баса назар аударылды. Полиция департаменті мен Алматы қалалық білім басқармасы жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде тақырыптық дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу туралы меморандумға қол қойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама