Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында ер адам кек алу үшін ауылдасының көлігіне оқ атқан

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды

 Динара Амантай 28.03.2023 | 13:41
Қарағанды облысында ер адам кек алу үшін ауылдасының көлігіне оқ атқан
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында кек алу мақсатында қарсыласының көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Бұқаржырау ауданына қарасты ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу үйінің ауласында тұрған көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткені туралы хабарлаған. Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаған, оның көлігі ғана зақымдалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды.

ҚР ҚК-нің 24-99 бабы бойынша («Адам өлтіруге оқталу») қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат жәбірленушіден бұрын болған кикілжің үшін кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқанын мойындады.

Мылтық тәркіленді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама