ШҚО-дағы кен орнында жұмысшы қаза тапты
Өлім себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
25 наурызда Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев кен орнында шпур бұрғылаушының көмекшісі өлі күйінде табылды. Бұл туралы KAZ Minerals тобының қоғаммен байланыс департаментінің менеджері Ермек Дюзкенов мәлімдеді.
«Әзірге не болғаны белгісіз. Мұндай жағдайда арнайы комиссия құрылып, оның қатарына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, өзіміздің мамандар кіреді. Не болғанын комиссия анықтайды. Бір нәрсе анық: өлімнің апатқа, басқа да техногендік жағдайларға қатысы жоқ», - деді компанияның ресми өкілі.
KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ марқұмның отбасына тиісті көмек беретінін айтты.