Оған Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген қырғызстандық ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 17 наурызда «Айша бибі» өткізу пунктінде Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері халықаралық іздеуде жүрген қырғызстандықты ұстады.
Оған Ресей Федерациясында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.
Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды.