Halyq Uni логотип
×

Асхат Аймағамбетов, Мақсат Толықбай: AMANAT партиясынан Мәжіліс депутаты болғандардың тізімі шықты

Тізімде әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды

 Халық үні 28.03.2023 | 10:15
Асхат Аймағамбетов, Мақсат Толықбай: AMANAT партиясынан Мәжіліс депутаты болғандардың тізімі шықты
Фото: Tengrinews.kz

AMANAT партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді.

AMANAT партиясының Саяси кеңесі ююросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша сайлауда партиялар төмендегідей дауыс жинады:

  • Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
  • «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
  • Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
  • Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
  • «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

«Бәріне қарсымын» – 3,90% (248 291); 

Барлық дауыс бергендер саны – 6 366 441. 

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Respublica партиясы да Мәжіліс депутаттарының кандидатурасын бекітті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама