×

Қызылордада 2 жасөспірім қызды жезөкшелікке тартқан әйел ұсталды (ВИДЕО)

Ол қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынған

 Динара Амантай 28.03.2023 | 09:55
Фото: видеодан скриншот

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының АМІЖ аға жедел уәкілі Мұхан Болатхан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама