Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысты: адам шығыны бар

Халық үні

Бір жүргізуші оқиға орныннда көз жұмған, бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді

фото: ІІМ баспасөз қызметі

Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo жүк көліктері соқтығысқан. Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Қазір Әйтеке би ауданының полициясы жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.