×

Алматыда жалға алған мүлікті сатқан алаяқ ұсталды

Тағы бір жерде ол Kia көлігін жалға алып, жасырынған

 Дастан Жұмабекұлы 27.03.2023 | 17:30
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысты екі қылмысты ашты.

Алаяқтықпен айналысқан азамат ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, А. есімді азамат кез келген техниканы жалға беру туралы хабарландыруларды іздеп, клиенттердің бірімен Sony PlayStation ойын приставкасын жалға алуға келіскен. Оны алғаннан кейін күдікті белгісіз бағытта жасырынып қалған. Тағы бір жерде ол Kia көлігін жалға алып, жасырынған.

Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайырдың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама