Холбика Бобоқулова екінші дәрежелі «Саломатлик» орденін алды
Өзбекстанда науқастардың шақыртуына есекпен баратын медбике орденмен марапатталды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Өзбекстан билігі 54 жастағы медбике Холбика Бобоқулованы ІІ дәрежелі «Саломатлик» орденімен марапаттады.
Орденмен наградталған медбике Қашқадария облысының Чироқчи ауданындағы Даштқизил қышлағында тұрады. Ол марапатты Наурыз мейрамының қарсаңында алған.
Холбика Бобоқулова 17 жасынан бері медбике болып қызмет етіп келеді. Биыл оның осы саладағы еңбек өтілі 37 жыл болады. Ол ауылдастарының үйлеріне есекпен барып, медициналық көмек көрсетіп, Өзбекстанның өзге өңірлеріне де жақсы танымал болған.