Ол ақшаға мұқтаж болғандықтан осындай қадамға барған
Ақтөбеде жалған полиция қызметкері оқушының телефонын тартып алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға 13 жастағы оқушының анасы арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу баласын алдап, оның телефонын алған.
Тергеу барысында күдіктінің өзін полицей ретінде таныстырып, оқушының телефонын «ұрланған-ұрлабағанын анықтау үшін» алғаны белгілі болды. Осылайша, ол ұялы телефонды иемденген.
Тәртіп сақшылары жедел іс-шара барысында 19 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады. Жігіт ақшаға мұқтаж болғандықтан телефонды ломбардқа өткізгенін айтты.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.