350-ге жуық жұмыс орны ұсынылады
29 наурызда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі ЭЕБ, - ред.) тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі өтеді.
Оған еліміздің барлық өңірлерінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және басқа да 15 ірі жұмыс беруші қатысады. Жәрмеңкеде әртүрлі мамандықтар бойынша 350-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңке кезінде жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-таныстырылымын өткізеді. Қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынып, ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек.Онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады.
Өтініш берушілер қатысу үшін порталдың жеке кабинетін ашып, тіркелуі қажет. Жәрмеңке басталар алдында аталған электрондық поштаға шақыру хаты жіберіледі.