Жастарды әлеуметтік-экономикалық мәселелер алаңдатады
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының 2022 жылдың басындағы деректеріне сәйкес Қазақстандағы жастар саны ел халқының құрылымында 3 741 083 адамды немесе 20% бөлігін құрап, маңызды стратегиялық әрі кадрлық ресурс саналады. Жастар әлеуметтік қатынастарда, материалдық және рухани игілік өндіруде маңызды рөл атқарады. Тәжірибе көрсеткендей, жастардың қоғамдағы жағдайы және оның әлеуметтік ортаны дамытуға қатысу дәрежесі мемлекет саясатына да, жастардың әлеуметтік-саяси белсенділік деңгейіне де байланысты. Бұл туралы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жыл сайынғы баяндамасында айтылған.
ЖАСТАРДЫҢ ОННАН БІРІ САЯСИ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАЙДЫ
Жастардың әлеуметтік белсенділік дәрежесінің жанама өлшемдерінің бірі – жастардың елдің саяси өміріндегі оқиғаларға қызығушылық дәрежесінің көрсеткіштері. Зерттеу деректеріне сәйкес, сауалнаманың «Сіз саяси жаңалықтарға, оқиғаларға қызығушылық танытасыз ба?» деген сұрағына 37,2% респондент мүлдем қызықпайтынын айтты. Жастардың 32,9% бөлігі ара-тұра қызығушылық танытады, 20,6% – резонанстық оқиғалар болған кезде ғана қызығушылық танытады. Тек 9,4% – күн сайын тұрақты қызығушылық танытады
Елімізде болып жатқан саяси оқиғаларды мұқият қадағалайтындардың ең көп саны Қызылорда (21,1%), Қарағанды (18,1%), Түркістан (16,0%) облыстарында тұрады. Тиісінше, Батыс Қазақстан (59,1%) және Ақтөбе (54,9%) облыстарының жас тұрғындары арасында мұндай оқиғаларға мүлдем қызығушылық танытпайтындардың ең көп саны тіркелді.
Респонденттердің жауаптарындағы маңызды айырмашылықтардың басқа әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларымен арақатынасы анықталған жоқ.
Жастар көбінесе елдегі саяси жағдай туралы ақпаратқа (39,7%), әлемдік саяси оқиғалар туралы жаңалықтарға (31,1%) қызығушылық танытады. Респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша осы сұраққа жауап беру кезінде елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ. Бұл саяси жаңалықтар жастар арасында үлкен қызығушылық тудырмайтындығына байланысты болуы мүмкін.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АЛАҢДАТАДЫ
Жастардың наразылық әлеуетін талдау ықтимал наразылықтың ықтимал себебі азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді (жалпы алғанда, осы себепті жастардың 55,2%-дан астамы наразылық білдіру ықтималдығын жоғары және орташа деп санайды).
Жалпы әлеуметтік-экономикалық проблемалар (бағаның өсуі, төлемдердің төмендеуі), сұралған жастардың пікірінше, наразылық акциясына себеп болу ықтималдығы жоғары.
2021 жылдан бастап жастардың наразылық көңіл-күйінің өсуі байқалады: Азық-түлік пен дәрі-дәрмек пен коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне қатысты екі позиция бойынша біз «жоғары ықтималдық» нұсқасы бойынша респонденттердің бағалауының 7-8%-ға өскенін көріп отырмыз. Өңірлерде жаппай наразылықтардың «орташа ықтималдық дәрежесі» ағымдағы жылы да барлық позициялар бойынша жоғары бағаланады және бағалардың шашыраңқылығы 10%-ға жетеді. Ықтималдықтың жоғары және орташа дәрежесі бойынша ең өзекті екі себеп бойынша (бағаның өсуі) 33,5%-ға өсу байқалады.
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТҚА ҚАНАҒАТТАНА БАСТАДЫ
Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының мақсаты – жастардың толыққанды рухани, мәдени, біліми, кәсіби және дене бітімін дамыту, шешімдер қабылдау процесіне қатысу, табысты әлеуметтенуі және оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттау үшін жағдайлар жасау.
Мемлекеттік жастар саясаты тиімділігінің негізгі индикаторы – бенефициарлардың (жастардың) оны іске асырудан қанағаттану дәрежесі.
Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына жастардың қанағаттану деңгейі өсу әлеуеті бары анықталды. Қанағаттанатын респонденттердің үлесі (толық қанағаттанады/дәлірегі, қанағаттанады) 45,3%, қанағаттанбайтындар – 23,8% болды. Әрбір төртінші респондент (24,8%) «МЖС туралы ештеңе білмейтінін» айтты.
Мемлекеттік бағдарламаларға оң баға бере отырып, сарапшылар жастардың мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға тартылуына сенімсіздік білдірді. Олардың бағалауы бойынша, жастармен жұмыс істеу жөніндегі іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар жастардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Демек, жастар саясатының мазмұны мен формалары жастардың өзі үшін тартымсыз деп бағалау орын алады. Осының барлығы ағымдағы шаралар туралы хабардарлықтың төмен болуы және жастарды тартуға бағытталған ісшаралардың нашар қамтылуымен күрделене түсті.
ЕҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕ – ТҰРҒЫН ҮЙ
Жастар саясатын жүргізуге кедергі болатын негізгі жағдай – әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі. Жалпы, сарапшылар жастардың негізгі проблемалары ретінде тұрғын үй, білім беру және денсаулық жағдайлары бойынша шешілмеген мәселелерді атап өтті. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар жастардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Мәселен, жастар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламаларының жоқ екені айтылды, бұл жалпы конкурс аясында жеткіліксіз еңбек тәжірибесі мен экономикалық әлеуетке байланысты олардың қолжетімділігін қиындатады. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің сапасы қазіргі сұраныстарға жауап бермейді, бұл оқу көші-қонына түрткі болады.
Сарапшылар жастар саясаты шеңберінде жастарға болашағын Қазақстанмен бір көруге мүмкіндік беретін құндылықтар мен қағидаттарды қалыптастыру және тарату қажеттігін атап өтті. Жастардың әрбір өкілі өзін қазақстандық қоғамды құруда белсенді қатысушы ретінде көретін жалпы «әлем көрінісіне» сүйене отырып, жоспарлар құруға және мінез-құлық стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда жастардың санасында болашағын елмен байланыстырудың жоқ екені байқалады.
САЯСАТҚА «ОНЛАЙН» АРАЛАСАДЫ
Жастардың азаматтық және саяси қатысуы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі компоненттерінің бірі. Бұл жерде жастардың ел өміріне қатысуының қолайлы жағдайлары мен жаңа формаларын жасау маңызды. Алайда, сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта еліміздің саяси өміріне тартылу мен қатысудың деңгейі төмен екені байқалады.
Қатысудың сайлау, партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға мүшелік ету сияқты дәстүрлі формаларымен салыстырғанда, жастар көп жағдайда дәстүрлі емес формаларды жөн көреді. Мысалы, саяси мақалалар немесе блогтар жазу, оларды ұнатып, әлеуметтік желілерде тарату.
Сондай-ақ, жастар арасында жаппай қызығушылық тудырмайтын мемлекеттік жастар ұйымдарының қызметі шеңберінде белсенділік тұмшаланып қалады, бұл жағдай осы жас тобының саяси және азаматтық қатысуының төмен деңгейіне әсер етеді.
Сондай-ақ қатыспау себептері – білім беру, материалдық әл-ауқат деңгейі және т.б. сияқты әлеуметтік факторлар. Осылайша, жастар жеке мәселелерді шешуге бағытталған, бейсаясатшыл азаматтар тобы ретінде ерекшеленеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуы жағдайында Интернет жастар өмірінде қарым-қатынас құралы, ақпарат көзі, бос уақытты өткізу тәсілі, тауарлар мен қызметтерді сатып алу құралы ретінде ерекше рөл атқарады.
ИДЕОЛОГИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК НАСИХАТ ЕМЕС
Сонымен қатар қазіргі сын-қатерлер мемлекетке өзекті міндет қояды – жастар ортасындағы идеологиялық жұмыс жүргізу, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру міндетін жүктейді. Сарапшылардың айтуынша, идеологиялық жұмыс мемлекеттік насихатпен теңестірілмеуі керек. Бірқатар сарапшы мемлекет идеологиясы ұғымын қайта қарау маңызды екенін айтты, өйткені қазіргі кезде жастарға қатысты қабылданатын шаралар тар бағытта және төмен тиімділікпен ерекшеленеді.
Бұл ретте, сарапшылар атап өткендей, жастармен жұмыс көбінесе ақпараттық-ағартушылық қызметке бағытталуы тиіс, бұл жастарды әлеуметтендірудің және оларды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдықсаяси және мәдени даму процестеріне тартудың маңызды құралы болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, жастарға арналған ақпарат білім беру сипатында болуы керек, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қауіпсіздік, қоғамдық-саяси өмірге қатысу сияқты тақырыптарды ашуы керек.
ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ 5 ҰСЫНЫС
Осы зерттеуде жастар арасында бұқаралық сауалнама жүргізу және сарапшылардан сұхбат алу әдістерін пайдалана отырып, өмірдің түрлі аспектісі бөлінісінде Қазақстан жастары дамуының ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізілді және мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Біріншіден, өмір сапасына қанағаттану дәрежесі және жастардың әлеуметтік өзсезінімі сипаттамасы бойынша тенденциялар қарастырылды. Зерттеу көрсеткендей, жастардың өмірге қанағаттану деңгейі жоғары деңгейде, респонденттердің 90%-дан астамы өз өміріне қанағаттанатынын айтты (ұқсас индикатор 2021 жылы 89,8% деңгейінде болды). Белгілі бір аймақтық ерекшелік арнайы бөлімде және жастармен жіктелген тікелей мәселелерді ескере отырып көрсетілген.
Екіншіден, жастардың денсаулығы, сондай-ақ олардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша негізгі үрдістер зерделенді. Жастар денсаулық жағадайын өте жоғары бағалады. Бұл жағдайда ең көп кездесетін проблемалар қатарына нашар көру қабілеті жатады.
Үшіншіден, жас қазақстандықтардың құндылық бағдарлары мен мүддесі зерделенді. Жастардың негізгі құндылық бағдарлары, ең алдымен, бейматериалдеп сипатталады. Жастар үшін ең маңызды құндылықтар: отбасы (83,3%), денсаулық (64,2%), достық (40,7%). Материалдық қамтамасыз етілген өмір респонденттердің 39,3% үшін ең басым құндылықтардың бірі саналады.
Төртіншіден, жастарды жұмыспен қамтудың өзекті мәселелеріне талдау жасалды. Жастар жұмысқа тұру мүмкіндігі шынайлығын бағалауы: 13,5% - жұмыстын оңай табатынына сенімді, 36,2% – оны мүмкін санайды.
Бесіншіден, жастардың қоғамдық-саяси көңіл-күйі зерделеніп, жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысу деңгейі айқындалды. Жастардың қоғамдық-саяси көңіл-күйі қалыпты деп сипатталады, бірақ батыс аймақтарда айқын көрінетін наразылық әлеуеті бар. Қазақстандық жастар саяси жаңалықтар мен оқиғаларға қызығушылық танытпайды. Оның осы салаға деген қызығушылықтары әлемдік орташа көрсеткіштен төмен сақталып отыр.