×

Ауызашардан кейін темекі шеккен адамның оразасы қабыл бола ма – ҚМДБ өкілі

Мүфтият өкілі «дәретсіз ораза ұстауға бола ма?» деген сұраққа да жауап берді

 Наима Нұрәлі 27.03.2023 | 16:08

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Ерғали Байділдаев Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында шылым шегетін жандарға қатысты пікірін айтты.  

«Аузы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады. Ол кісі Рамазан айын темекі тастауға тамаша мүмкіндік деп біліп, бұл әдетінен арылуға тырысуы керек. Шын ниет етіп, шылымға жоламауға бел буған адам оңай тастап кететіні күмәнсіз. Өйткені, Алла тағала Құранда «Шынында бір қауым өзін өзгерпейінше Алла оларды өзгертпейді…», дейді. Ал ораза ұстаған кісі ауыз ашқаннан кейін темекі шеккен жағдайда оразасы бұзылмайды. Дегенмен, темекі тартқаны үшін ораза сауабы азаюы мүмкін. Өйткені, дінімізде темекіге тыйым салынған. Кімде-кім балағат сөздер айтса, оңашада боқтаса, біреуді жамандап, жалпы күнәлі істер істесе, ауыз бекіткеннен пайда жоқ. Жалпы шама жеткенше темекіден түбегейлі бас тартқан жөн», - деді Ерғали Байділдаев.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі әлеуметтік желілерден байқаусызда анайы бейнероликтер көріп қалған кісінің оразасы бұзылмайтынын айтты. Дегенмен көргені үшін күнә арқалайды. Егер әдейі соңына дейін қарап шығатын болса, онда сол күннің қазасын өтеуге тура келетінін жеткізді.

Сонымен қатар жақында «дәретсіз ораза ұстауға бола ма, жоқ па?» деген сұрақ әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Оразада адамның дәретпен жүруі қажет деген шарт жоқ. Адамға дәрет алуы арнайы құлшылық жасайтын уақытта: намаз оқу, Құран оқу сияқты т.б. кездерде парыз саналмақ. Ал енді басқа уақыттарда дәретсіз жүруіне рұқсат. Дәретсіз ораза ұстауына болады. Жасанды кірпік жабыстырып, тырнағын бояған кісілер намаз оқитын болса, дәрет алуы міндетті. Ал ораза үшін дәрет алу шарт емес, - деді мүфтият өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама