×

Сайлауда заң бұзғандардың арасында учаскелік комиссия мүшелері де бар – ОСК

Сайлауда заң бұзған 42 адам жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 27.03.2023 | 13:06
Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы

Сайлауда заң бұзғандар анықталып, олар жауапқа тартылды. Бұл Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Сайлау күні тыныш өтті және дауыс беру тиімді ұйымдастырылды. Мұны сайлау процесіне қатысушылардың көпшілігі, ұлттық және халықаралық байқаушылар атап көрсетті. Соған қарамастан жекелеген өңірлердегі кейбір учаскелерде дауыс беру, дауыстарды санау рәсімдерін жүргізу кезінде заңбұзушылықтар жол берілді. Біз бұл туралы ашық айтып отырмыз», - деді Нұрлан Әбдіров ОСК-да өткен брифигте.

Заң бұзғандардың арасында учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері де бар.

«Осылайша, заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімімен олардың жұмысына қатысудан 19 мүше дереу шеттетілді. Аталған ақпараттық материалдардың әлеуметтік желілерде таралуына және сайлау комиссияларына осындай өтініштердің түсуіне байланысты біз Бас прокуратураға 19 наурыз – сайлау күні тексеру және құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау салу жібердік.

Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 42 адамның тарапынан құқықтық бұзушылықтар тіркелді. Олардың барлығы жауапқа тартылды. Олардың ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бап бойынша айыппұл салынды... Алайда бұл заңбұзушылықтар сайлау нәтижесіне әсер етпеген», - деді ОСК төрағасы.

Сондай-ақ сайлауда басқа да заң бұзу деректері анықталған.

Өкінішке қарай осы уақытқа дейін отбасылық дауыс беру дәстүрі яғни отбасы мүшелері мен басқа да жақындары үшін дауыс беру, дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу дәстүрі және тағы басқа кемшіліктер әлі де жойылған жоқ, - деп сөзін түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама