Ол базар маңында құрықталды
39 жастағы С. есімді азамат есірткі сақтады деген күдікке ілінді. Ол Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан базар маңында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды.
Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды. Оның ішінен ақшыл түсті ұнтақ және түйіршіктер түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Құрықталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат аса ірі мөлшердегі героин болып шықты, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.
Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.