Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақырды

Халық үні

Жиын Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырып аясында өтеді.

Ассамблеяның XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді деп жоспарланған.