Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстан облысында тергеуші сотталды

Сотталушы экономикалық тергеу қызметінің капитаны арнаулы атағынан айырылды

 Динара Амантай 25.03.2023 | 14:45
Шығыс Қазақстан облысында тергеуші сотталды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өскемен қаласының №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурызда сотпен автомобильдi жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу және ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану түрінде жасаған қылмыстары үшін тергеушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2022 жылы сотталушы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі бола тұра, қылмыстық іс бойынша айыпталушылардан тәркіленген, оған қылмыстық қудалау органының депозитіне салуға тапсырылған 13 321 040,98 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты жымқырып, талан-таражға салған. Сонымен қатар, іс бойынша айғақтық зат болып табылатын «SKODA KODIAG» автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемденген.

Сот ер адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Сотталушы экономикалық тергеу қызметінің капитаны арнаулы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама