×

Астанада түнгі клубтардың бірінде есірткі сатушы ұсталды (ВИДЕО)

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 25.03.2023 | 12:42
Фото: видеодан скриншот

Елердада түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталған. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған. Астана қаласы прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді.

Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама