Теміртауда 2 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Теміртауда екі жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталған. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, баланың мәйіті кеше қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.