×

Еліміздің тағы бір жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

Институтта көптеген заң бұзушылық анықталыпты

 Қымбат Елтайқызы 05.04.2022 | 11:59
фото: ашық дереккөзден

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бас лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды. БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті университет жұмысындағы көптеген заң бұзушылықты анықтады. Университетте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптары сақталмаған.

Университетті тексеру барысында көптеген заң бұзушылық анықталды. Мысалы, оқытушылардың бір уақытта әр түрлі тілде оқытатын екі түрлі топта сабақ өткізу фактілері. Бірақ мұғалімдердің оқу жүктемесінде әр топ бойынша аудиториялық сабақтар бөлек есептелген. Одан бөлек, университетте кейбір сабақ мүлдем өткізілмеген. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу әрі бекіту кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген. Сонымен бірге Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттерді оқытқан білім беру бағдарламалары БҒМ тізіліміне енгізілген бағдарламаларға сәйкес келмеді. Нәтижесінде студенттер оқу пәндерін толық меңгермеген. Сондай-ақ оқу процесі сапалы профессорлық-оқытушылық кадрмен қамтамасыз етілмеген, – деді білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Тексеру Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі мен қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығын көрсетті. Бірқатар білім беру бағдарламасы бойынша оқу, әдістемелік әрі ғылыми әдебиеттер жоқ. Яғни, студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Мұны тест тапсырған студенттердің білім нәтижелері растады. Яғни, институт студенттерінің 90 пайызы шекті балды жинай алмады.

Айта кетейік, үлгілік қағидалар нормаларына сәйкес, студенттер университет лицензиясынан айырылған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр
29.03.2023 | 12:12

Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды

Сондай-ақ 13 жастағы қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды
29.03.2023 | 11:48