Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды
Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
Алматы мәслихаты депутаттарының аты-жөні белгілі болды. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысында өткен сайлаудың нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы қаласы бойынша Amanat партиясы 51,94% (12 мандат), Respublica партиясы 13,15% (3 мандат), Қазақстан халық партиясы 13,22% (3 мандат), «Байтақ» жасылдар партиясы 7,97% (2 мандат) және «Ақ жол» партиясы 5,23% (1 мандат) дауыс жинады.
«Ауыл» партиясы 2, 83% дауыс жинаған. Осылайша Алматы мәслихатының депутаты болды:
№1 округ бойынша Әкім Тұрсынов;
№2 округ бойынша Дастан Жантелиев;
№3 округ бойынша Гүлжан Бекенова;
№4 округ бойынша Анна Башинская;
№5 округ бойынша Зәуреш Өмірбаева;
№6 округ бойынша Бақытбек Жұмабаев;
№7 округ бойынша Алтынай Көбеева;
№8 округ бойынша Тимур Елеусізов;
№9 округ бойынша Сергей Козлов;
№10 округ бойынша Болат Ибрагимов;
№11 округ бойынша Қайрат Бегалин;
№12 округ бойынша Мұхтар Зулеев;
№13 округ бойынша Ералы Сауранбаев;
№14 округ бойынша Еркімбек Рахышев;
№15 округ бойынша Мұрат Өтемісов;
№16 округ бойынша Қарашаш Жүзеева;
№17 округ бойынша Әміржан Набиев;
№18 округ бойынша Дулат Тастекеев;
№19 округ бойынша Зия Талгатов;
№20 округ бойынша Андрей Шин;
№21 округ бойынша Дулат Рамазанов.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында бір мандатты округтер бойынша жеңіске жеткендердің тізімін жариялады.