×

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген

 Еркеғали Болатұлы 24.03.2023 | 16:32
фото: видеодан скриншот

Атыраулық спортшы өз-өзіне пышақ салу салдарынан көз жұмды. Оқиға 21 наурызда болған.

Полицейлер оқиға орнына барып, оны тоқтатуға тырысқанмен, олардың бұл әрекеті кеш болған. Ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға кезінде аралас жекпе-жек чемпионы трамадол препаратын шамадан тыс пайдаланған.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105 бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Аталған фактіге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Еске сала кетсек, трамадол препараты Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген. Ал медицина тәжірибесінде ол – синтетикалы опиоидты дәрі. Оны ауыр жарақат алғандар мен онкологиялық ауруларды емдеу кезінде қолданады. Өкінішке қарай, синтетикалық дәрі нашақорлар арасында үлкен танымалдыққа ие. Әлем бойынша сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткен.

Ескерту: төмендегі видеоны жүйке жүйесі әлсіз адамдарға көруге болмайды.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама