×

Қарағандылық тұрғын ит жетектеген баланы баспалдақтан құлатып жіберді (ВИДЕО)

Дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сараптама тағайындалды

 Еркеғали Болатұлы 24.03.2023 | 15:35
фото: видеодан скриншот

Желіде қарағандылық тұрғынның үйдің кіреберісінде ит пен баланы баспалдақтан ұрып құлатқан видеосы пайда болды.

Кейін зардап шеккен жасөспірімнің анасы оқиғаның мән-жайын баяндаған.

Біздің де кінәміз бар екенін түсінемін. Иттің аузында тұмылдырық болуы керек дейді. Мен келісемін. Күшік үре бастаған соң бала қорқып кетті. Бірақ бұл – күшік, небәрі 4 айлық. Балам баспалдақтан ұшып кетті. Ол адам тіпті төмен түсіп, баламнан бәрі жақсы ма деп сұраған жоқ, – дейді әйел.

Сондай-ақ ол иттің тұмылдырығы болмағаны үшін айыппұл төлеуге дайын екенін алға тартты. Айтуынша, ер адам оның ұлын басынан ұрған. Баспалдақтан құлағанда аяғы да көгеріп кетіпті.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 наурызда сағат 18:00 шамасында болған.

Үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам кәмелетке толмаған адамға және оның итіне дене жарақатын салды. Кінәлі адам анықталды. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады, – деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама