Halyq Uni логотип
×

Алматы облысының судьясы мен салық қызметкері тергеліп жатыр

Салық берешегі бар кәсіпорындарды банкрот деп тану үшін парақорлық ұйымдастырылған

 Динара Амантай 24.03.2023 | 15:15
Алматы облысының судьясы мен салық қызметкері тергеліп жатыр
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінген.

 ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама