TikTok платформасының бас директоры әлеуметтік желіге Қытай билігі араласпайтынын айтты
АҚШ конгресінде TikTok әлеуметтік желісі басшысының қатысуымен жиын өтті. Демократтар мен республикалықтар бұл әлеуметтік желінің қауіпсіздігіне күмән келтіретін айтты. Заң шығару органдарының өкілдері Бейжіңдегі Bytendace компаниясы TikTok әлеуметтік желісін пайдаланушылардың жеке деректерін Қытай билігіне жеткізеді деп қауіптенетінін мәлімдеді. Ал бұл АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
TikTok америкалық құндылықтарға ие америакалық компанияға айналып, платформа Қытай коммунистік партиясымен байланысын үзуі керек, - дейді конгресс депутаты Даррен Сото.
TikTok платформасының бас директоры Шоу Цзы Чу АҚШ конгресінде өткен жиында «Біз Қытайдың компартиясымен жұмыс істемейміз, оларға барлаушы қызметін атқармаймыз» деп ақталуға кірісті.
«Біріншіден, біз желі қолданушылар арасында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мән береміз. Екіншіден, АҚШ азаматтарының жеке деректері сырттан ұрланбау үшін жіті бақылау жүргіземіз. Үшіншіден, біз үкімет тарапынан TikTok-ты басқаруға немесе оның жұмысына араласуға жол берілмейді деп уәде етеміз», - деді Шоу Цзы Чу.
Айта кетейік, бүгінде АҚШ-та TikTok желісін белсенді пайдаланатын 150 миллион шамасында адам бар. АҚШ билігі наурыз айының соңынан бастап елдегі мемлекеттік қызметкерлерге қосымшаны пайдалануға ресми түрде тыйым салмақ.