Төсекте темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған
Өскеменде ер адам көршісін өрттен құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның мәліметінше, кеше Өскемендегі Ульяновская көшесінде орналасқан көпқабатты үйде өрт болған. Тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде төсек-орын жабдықтары өртенген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көрші пәтерде тұратын Андрей Новиков 1967 жылы туған пәтер иесін түтін аймағынан құтқарды.
Түтінді сезген соң, мен пәтерімнен жүгіріп шығып, жоғарғы қабатта орналасқан көршімнің есігін қақтым. Әйеліме өрт сөндірушілерді шақыру керектігін айттым. Есікті ешкім ашқан жоқ. Мен есіктің тұтқасын тартып едім, ол ашылды. Пәтерге кіріп, түтін арасынан еденде жатқан адамды тауып, оны шығара бастадым. Түтін қалың болғандықтан ер адамды шығару қиынға соқты. Оны баспалдақ алаңына шығардым. «103» қызметінің дәрігерлері мен өрт сөндірушілер дәл уақытында келді, - деді Андрей Новиков.
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері 2 шаршы метр көлеміндегі өртті сөндірді. Жану өнімдерімен уланған пәтер иесі медициналық мекемеге жеткізілді.
Өрттің себебі бойынша төсекте темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталып жатыр.