Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірген күдікті анықталды

Динара Амантай

Оған қатысты іздеу жарияланды

Фото: Halyq Uni

Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, баланың мәйіті кеше қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Күдіктінің жеке басы анықталды. Оның баланың 24 жастағы анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.