Halyq Uni логотип
×

Абай облысында 3 адам газдан уланып қалды

Ер адам мен 7 жасар бала реанимацияға жатқызылды

 Динара Амантай 24.03.2023 | 12:12
Абай облысында 3 адам газдан уланып қалды
Фото: Halyq Uni

Абай облысының Жаңғызтөбе ауылында пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 3 адам газдан уланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, кеше сағат 12:59-да «101» пультіне Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе ауылында 2 ересек адам мен 1 баланың газдан уланғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті (тазартылмаған түтін мұржасы) пайдалану ережелерін бұзғандықтан, 1968 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың ауыр дәрежеде улы газдан уланғаны және Жарма ауданының орталық аудандық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылғаны анықталды.

Сондай-ақ 1962 жылы туған әйелдің орта дәрежеде газдан уланғаны белгілі болды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол Жарма ауданының ОАА қабылдау бөлмесіне жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама