Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты

Нұрбах Рүстемов Румыниядағы елші лауазымынан босатылды

 Халық үні 24.03.2023 | 11:40
Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты
Фото: Владислав Воднев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстаннан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.

Аустриядағы елші, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Сондай-ақ Нұрбах Рүстемов Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын енді атқармайды.

Алтай Әбибуллаев Хорватиядағы елші, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама