×

Ақтөбеліктер Шавкат Рахмоновқа арғымақ мінгізді (ВИДЕО)

Белгілі спортшыға мерекеде құрмет көрсетілді

 Динара Амантай 23.03.2023 | 17:17
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеліктер белгілі спортшы Шавкат Рахмоновқа ат мінгізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ақтөбедегі орталық саябақта тойланған Наурыз мейрамында спортшы, бірде-бір аралас жекпе-жекте жеңіліс таппаған Шавкат Рахмоновқа құрмет көрсетілген. Бабалардың батылдық пен қайсарлық рухын жалғаған қазақтың арда ұлына ақтөбеліктер тұлпар мінгізді.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын! Сыйлығыңыз үшін баршаңызға рахмет! – деді Шавкат Рахмонов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып беретіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама