Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Талдықорған оқ-дәрілер жасырылған жер табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.
Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады, – деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.