Бұл шара Рамазан айына байланысты ұйымдастырылып отыр
Бүгін, 22 наурыздан бастап Астанада Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
Ол бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.
«Республикалық Бас мешіттен» жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Целинный» шағынауданы;
- Есу арнасы (Гребной канал);
- Республика даңғылы.
«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Спутник» супермаркеті;
- ТЖ вокзалы;
- «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алабы.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алабы;
- ТЖ вокзалы;
- Медициналық колледж.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алабы;
- «Кирпичный» тұрғын алабы.
«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
- «Рахмет» СО.