×

Асыл тұқымды тазы өсіруші президентке тазының күшігін сыйлады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады

 Динара Амантай 21.03.2023 | 15:44
Фото: t.me/aqorda_resmi

Асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады. «Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.

Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартты. Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Петропавлда бизнесмендерге қамқорлық жасаған полиция бастығы 7 жылға сотталды

Ол кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша жинаған
09.06.2023 | 16:16

«Болашақ» бағдарламасына үміткерлер француз тілі курстарынан тегін өте алады

Тілдік дайындық Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Француз Альянсының орталықтарында жүргізіледі
09.06.2023 | 16:06

«Бүкіл құрылысты тоқтату керек»: депутаттар Астанадағы су тапшылығы жайлы

Қазақстандықтар суды үнемдеп пайдалануды үйренуі керек
09.06.2023 | 15:45

Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті

Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды
09.06.2023 | 15:28