Соталды тергеу амалдары басталды
Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, ауыр жол апаты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға кеше кеше сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.
Үш көлік – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша, соталды тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.
Астана қаласының ПД өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.