×

Президент Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы туралы айтты

Мемлекеттің мүддесі – бәрінен биік

 Динара Амантай 21.03.2023 | 12:30
Фото: ortalyq.kz

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінің зор символдық мәні бар. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы бір жыл бұрын тың бастама көтеріп, елді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар ұсынғанын атап өтті.

Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге президент азаматтардың көзқарасы әртүрлі болғанымен, барлығының тілегі бір екендігіне назар аударды.

Бұл – елдің амандығы, мемлекеттің жарқын болашағы. Біз осы ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етеміз. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бір ел болып іске кіріссек, алынбайтын асу жоқ. Мен жасампаз халқымыздың келешегі жарқын болады деп сенемін. Мемлекеттің мүддесі – бәрінен биік, – деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама