Halyq Uni логотип
×

Ертіс өзенінде мұздың жұқаруына байланысты рейдтік шаралар күшейтілді

Затон аймағында бір балықшыға айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды

 Динара Амантай 21.03.2023 | 11:01
Ертіс өзенінде мұздың жұқаруына байланысты рейдтік шаралар күшейтілді
Фото: Halyq Uni

Ертіс өзенінде мұздың жұқаруына байланысты рейдтік шаралар күшейтілді. Бұл туралы Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Темірлан Амантаев брифинг барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бекіту туралы» №34 бұйрығына байланысты, мұзға шыққан балықшыларда жан құтқару күртешесі, ысқырғыш, 12 метрден кем болмайын жіп, ұзындығы екі метрден асатын таяқ болуы міндетті. Егер осы айтылғандардың біреуі болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 412-бабына сәйкес, балықшыларға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы талаптарды орындамағаны үшін Затон аймағында бір балықшыға айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Темірлан Амантаев.

Қауіпсіздік мақсатында Ертіс өзені бойынан он ескерту белгілері орнатылған. Атап айтсақ, Достық, Озерки, Ертіс, Шаған ауылдық округтерінде және Мұрат кентіндегі өзен бөлігі қауіпті саналады.

2022-2023 жылдары қысқы кезеңде жаппай және мұз асты балық аулау орындарында, су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігі үшін Семей қалалық әкімдігі «Жаппай және мұз асты балық аулау орындарына профилактикалық рейд кестесін» бекітті. Осы кестеге сай, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы және басқа да өкілетті мекемелер өткен жылдың 14 қазанынан бастап кестеге сәйкес апта сайын демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізуде. 2022-2023 жылдары барлығы 286 рейд жүргізіліп, төрт мыңнан астам жадынамалар таратылды, – деді Темірлан Амантаев.

Айта кетейік, биыл Семей өңірінде қыс кезінде оқыс оқиға тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама