Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны: ТЖМ Батыс Қазақстандағы жағдай қиын екенін айтты

Тұрғындар үйлеріне әлі жіберілмейді

 Қымбат Елтайқызы 04.04.2022 | 18:00
Су тасқыны: ТЖМ Батыс Қазақстандағы жағдай қиын екенін айтты
фото: ТЖМ

Қазір Батыс Қазақстан өзен бассейндерінде ауаның жылы температурасының сақталуы мен одан әрі артуының болжамына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағысының қалыптасуы жүріп жатыр.

Бөрлі және Жәнібек аудандарында су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Шыңғырлау әрі Қаратөбе аудандарында қиын жағдай сақталып отыр. Теректі, Тасқала, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласы бақылауда, – дейді төтенше жағдайлар министрлігі.

Мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіліп отыр. Температураның жоғарылауы нәтижесінде мұз қозғалады әрі Утва, Қалдығайты, Бұлдырты, Деркөл Шаған, Чижа-2, Чижа-1 өзендерінде кептелістер байқалады.

«751 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 215 бала. Жақсыбай ауылында 53 үйден су толығымен тартылды. Адамдар уақытша эвакуациялау пунктері мен туыстарында қалады», – делінген ақпаратта.

Республикалық маңызы бар автожолда 2 су тасқыны болды, екеуі де тоқтады. Облыстық маңызы бар автожолда 1 су тасқыны, жергілікті маңызы бар автожолда 2 су тасқыны болып, аудандық маңызы бар 5 жолда су шайып кетті. Елді мекендерге қауіп жоқ. 

Жағдайды бақылау мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ «Еурокоптерде» су тасқыны қаупі бар аудандарда (Бәйтерек және Теректі) аэровизуалды тексеру жүргізеді. Қазір облыс аудандарында су тасқынына қарсы әрі су тасқыны салдарын жою үшін департамент пен жергілікті атқарушы органдардан барлығы 770 адам, 99 техника, 9 жүзу құралы, 31 мотопомпа, 2 тікұшақ (МИ-8) тартылды, – дейді ТЖМ.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі «қанша елді мекенде су тасу қаупі әлі бар?» деген сұраққа жауап берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама