Осы қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады
Ақпан айында Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушысы ана атанды. Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасы баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін екенін айтқан, деп хабарлайды Еуразия арнасындағы «Көреміз» бағдарламасы.
Аудандық полиция басқармасының тергеушісі бағдарламаға берген сұхбатында аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120 бабы 3-1 бөлігі 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Полиция жаңа туған сәби мен 53 жастағы күдіктінің биологиялық туыстығын тексеру мақсатында олардан ДНҚ сынамасын алған.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120 бабы 3-1 бөлігі 1 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық (кәмелетке толмаған адамға қарсы жасалған зорлау, жәбірленушіге күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Осы қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Аудан тұрғыны аталған бап бойынша күдікті ретінде танылды», - дейді аудандық полиция басқармасының тергеушісі Дастан Таңсықов.