Вакцина алғаны да, ПТР-анықтамасы бары да оқшауланады
Коронавирус инфекциясының жаңа «Омикрон» штамының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды.
Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына Air Astana және SCAT әуе компаниялары орындап келді.
Әуе компанияларының ақпараты бойынша, қазір Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 3-10 желтоқсан аралығында әуе рейстерімен елге жеткізіледі.
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Мысырдан келген жолаушылар коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғанына қарамастан, теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама көрсетуі керек. Сондай-ақ тиісті анықтамасы мен вакцина алғанына қарамастан 7 күн оқшауланады.