×

Түркістандық әйел кәмелетке толмаған қызын жеңгетайларға сатқан

«Жұмыстан» бас тартқандарды жеңгетайлар ұрып-соғып, ыстық үтікпен азаптап, суға батырып жазалаған

 Еркеғали Болатұлы 20.03.2023 | 17:52
фото: ашық дереккөз

Шымкентте ауыл тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған қызын жеңгейтайлықпен айналысатын азаматқа сатып жіберген. Содан кейін ол қызының құрбыларын жезөкшелікке тартуға көмектескен.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоқан-лоққы жасау арқылы әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздарды саудаға және жезөкшелікке салды деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты процесс басталады. Олар жеңгетайлықпен, қыздарды жезөкшелікке тартумен айналысқан. Айыпталушы 11 адамның жетеуі – әйел, төртеуі – ер адам.

Негізгі тұтқындалғандардың үшеуі – 27-35 жас аралығындағы үш апалы-сіңлі әйел. Олардың Астанада ұзақ уақыт жезөкшелікпен айналысқаны анықталды. Ал 2017 жылдан бастап оңтүстік өңірде ұйымдасқан сексбизнес құру туралы шешім қабылдаған. Осы мақсатта олар Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларында пәтер жалдап келген. Күніне 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі кірісті уәде ете отырып, 20-дан аса қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Сол кезде олардың жартысынан көбі кәмелетке толмаған болып шықты.

«Жұмыстан» бас тартқандарды жеңгетайлар ұрып-соғып, ыстық үтікпен азаптап, суға батырып жазалаған.

Айыпталушылар арасында Түркістан облысындағы бір кенттің тұрғыны да бар. Оның жеңгетайлармен келісіп, оларға жезөкшелікпен айналысу үшін өзінің кәмелетке толмаған қызын бергені анықталды. Қызының жезөкшелікпен айналысқаны үшін туған анасы жеңгетайлардан күніне 5-10 мың теңге алып отырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама