Екі қызды зорлаған күдікті полиция ғимаратының терезесінен секіріп кетті
Ол арам пиғылын 2019 жылдан бастап жүзеге асырған
Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция ғимаратының терезесінен секіріп кетті, деп хабарлады өңірдегі ПД баспасөз қызметі.
Күдікті ауруханада бірнеше күн жатып, қайтыс болған.
Еске сала кетсек, биыл 5 ақпанда сағат 20:00-де облыстағы аудандардың бірінің тұрғыны екі қызының зорлық-зомбылық көргенін айтып, полицияға шағым түсірген еді.
Әйелдің айтуынша, ер адам 16 және 12 жастағы екі қызын 4 жыл бойы зорлап келген.
Тергеу барысында күдіктінің қыздардың ата-анасының жақын танысы екені анықталды. Ол арам пиғылын 2019 жылдан бастап жүзеге асырған.
Құқық қорғау органдары сол күні жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті тергеу кезінде істеген ісін мойындаған.