Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында суға құлаған 4 жасар қыз жоғалып кетті

Іздестіру жұмыстарына 30 ерікті жұмылдырылды

 Динара Амантай 20.03.2023 | 14:14
Түркістан облысында суға құлаған 4 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында суға құлап кеткен 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 наурызда Түлкібас аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлаған. Тексеру кезінде сол күні кешкі уақытта үш кішкентай қыздың Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды.

Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен.

Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды.

Қазір қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама