×

Қазақстандықтардың 85%-ы қауіп төнгенде полициядан көмек сұрауға дайын – сауалнама

Елімізде интернет алаяқтық, жемқорлық, есірткі сату – өзекті мәселенің бірі

 Дәурен Ерболат 20.03.2023 | 12:05
Фото: gov.kz

Бүгінде Қазақстан азаматтарының басым бөлігі қауіп төнген жағдайда полициядан көмек сұрауға дайын. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын әзірлеу аясында тәуелсіз сарапшыларды тартып, қазақстандықтар арасында онлайн сауалнама жүргізген.

Сауалнамада тұрғындардың қауіпсіздігі және тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қозғалды. Оған 4,5 мыңнан аса респондент қатысты. Олардың жауаптарын талдау барысында көбінің түнде өздерін қауіпсіз сезінетінін әрі респонденттердің 63%-ы ондай ыңғайсыздықты сезінбейтінін айтты. Сондай-ақ сұраққа жауап бергендердің 85-ы қауіп төнген жағдайда полициядан көмек сұрауға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар 3,4 мың респондент (75%) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында бұл көрсеткіш одан да жоғары – 83%», - деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.

Бүгінде еліміздегі ең басты проблемалардың бірі – интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, есірткі сату, мас күйде көлік жүргізу, жол апаты салдарынан болған өлім-жітім және балаларға қатысты зорлық-зомбылық.

«Әлеуметтік сауалнаманы жүргізу барысында кәмелетке толмағандарды үйірмелер мен секцияларға тарту, бұрынғы сотталғандарды жұмысқа орналастыру және оларды әлеуметтік бейімдеу, нашақорлықтан, алкоголизмнен және агрессиядан тегін емдеу, осал топтарды әлеуметтік қорғаудың маңызды екені атап өтілді. Бұл мәселелерді шешу жолы ІІМ-нің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасында көрсетіледі», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама