×

Нан алуға шыққан шымкенттік велосипедінен айырылды

Жедел уәкілдер 20 жастағы қала тұрғынын ұстады

 Динара Амантай 20.03.2023 | 11:10
Фото: yk-news.kz

Шымкентте нан алуға дүкенге шыққан тұрғынның велосипедін ұрлап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қайнарбұлақ шағынауданының тұрғыны сағат 18:00 шамасында нан алу үшін дүкенге барып, екі доңғалақты көлігін сыртта қараусыз қалдырған. Бірнеше минуттан соң керегін алып шыққан ер адамның велосипеді орнында болмаған.

Тергеушілер бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары іздестіру іс-шаралары барысында жақын маңайда орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні сол күні қала аумағында ұстады. Ол 20 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама