×

Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді

 Динара Амантай 20.03.2023 | 09:54
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан 3 қарудан тұратын арсенал тапты. 40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған. Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама