×

Exit poll: Сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

Алдын ала ақпарат бойынша 6,5 миллион адам дауыс беруге барды

 Айгерім Таубай 20.03.2023 | 00:03
Фото: Halyq Uni

Елімізде өткен парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетейік, биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласып жатыр. 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметі төмендегідей:

  • Amanat партиясы – 53,46%;
  • «Ауыл» партиясы – 10,52%;
  • Respublica партиясы – 8,9%;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,25%;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%;
  • «Ақ жол» партиясы – 7,87%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,31%.
  • «Бәріне қарсымын» – 4,47%;

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының мәліметі төмендегідей:

  • Amanat партиясы – 53,33%;
  • «Ауыл» партиясы – 11,26%;
  • Respublica партиясы – 8,33%;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,93%;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,17%;
  • «Ақ жол» партиясы – 8,7%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,12%;
  • «Бәріне қарсымын» – 3,56%.

Айта кетейік, биыл бюллетеньдердің өлшемі де өзгерді. Бюллетеньдегі 7 тармақ – саяси партиялардың атауы, 8-тармақ – «Бәріне қарсымын» тармағы болды.

Орталық сайлау комиссиясы таратқан алдын ала ақпарат бойынша 6 521 860 адам дауыс беруге барды. Бұл сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама