Сайлау – 2023: ел бойынша қанша адамның дауыс беруге барғаны хабарланды
Cайлаушылардың 54,19 пайызы бюллетень алды
Орталық сайлау комиссиясы таратқан алдын ала ақпарат бойынша 6 521 860 адам дауыс беруге барды.
Сағат 22:00-дегі ақпаратқа сәйкес, сайлауда азаматтардың дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
- Абай облысы – 57,02%
- Ақмола облысы – 60,01%
- Ақтөбе облысы – 58%
- Алматы облысы – 60,03%
- Атырау облысы – 51,23%
- Батыс Қазақстан облысы – 59,20%
- Жамбыл облысы – 65,21%
- Жетісу облысы – 55,32%
- Қарағанды облысы – 59,48%
- Қостанай облысы – 65,10%
- Қызылорда облысы – 67,21%
- Маңғыстау облысы – 54,10%
- Павлодар облысы – 58,68%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 65,25%
- Түркістан облысы – 53,01%
- Ұлытау облысы – 58,99%
- Шығыс Қазақстан облысы – 64,15%
- Астана қаласы – 42,91%
- Алматы қаласы – 25,82%
- Шымкент қаласы – 45,46%.
22:00-дегі ақпарат бойынша ел бойынша 6 521 860 адам дауыс беруге барды. Бұл сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды.
Нақтыланған деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 млн 35 мың 4 адамның дауыс беруге құқығы бар.