×

Прокуратураға сайлауға қатысты 25 шағым түсті

Өтініште тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу дерегі көрсетілген

 Айгерім Таубай 19.03.2023 | 15:29
Halyq Uni/Алиакпар Қадырбаев

Елімізде сайлауда дауыс беру басталғалы прокуратура органдарына заң бұзушылықтар туралы 25 шағым түскен.

Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин мәлімдеді.

25 шағымның ішінде бесеуі Бас прокуратураға жолданған. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды.

Өтініш болуы ықтимал заң бұзушылықтар туралы айтылған. Оның ішінде тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу дерегі көрсетілген, - деді Азамат Сарғазин.

Сондай-ақ азаматтар аумақтық прокуратураларға тікелей жүгінген:

  • Астана қаласында – 4;
  • Алматыда – 1;
  • Шымкентте – 3;
  • Шығыс Қазақстан обылсында – 5;
  • Түркістан облысында – 4;
  • Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден.

Бас прокуратура қызметкері азаматтардың өтініш-шағымы қаралып жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама